RU

Ақтөбеде көшеден табылған екі бүлдіршіннің туыстары іздестірілуде (фото)

Ақтөбеде полицейлер панасыз балалардың туыстарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД-не сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ақтөбе облысы ІІД Жедел басқармасы орталығының "102" арнасына Ақтөбе қаласының Заречный-1 ауданында көпірдің үстінде панасыз екі баланың жүргені туралы хабарлама келіп түседі.

"Аталған орынға келіп жеткен патрульді полиция қызметкерлері шамамен 1,5-2 жастағы екі баланы тауып алады. Заречный полиция бөлімшесінің патрульді және ювенальды полиция қызметкерлері қаланың барлық аудандары мен саяжайлар аумағын тексеріп шықты, алайда тұрғындардың ешқайсысы балаларды суреттен танымады және олардың ата-анасы немесе туыстары туралы ешқандай мәлімет бере алмады", — деді полиция қызметкерлері.

Тағы оқыңыздар: Болат Назарбаев туған ауылында жерлестеріне 17 үй салып берді (фото, видео)

Балалардың жоғалуы туралы ешкім полицияға арызданбаған. Балалардың туысқандарын іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Облыстық ІІД балалар туралы және олардың туысқандары туралы қандай да бір мәлімет білетін болса: 102, 99-69-25, +7-707-505-46-20 телефондарына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды.

Балалар әзірге балалар үйіне орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633808-aqtobede-kosheden-tabylghan-eki-buldir.html