RU

Бұрынғы әлем чемпионы: Реваншта "Канело" Головкинді оңай жеңеді

Орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Бернард Хопкинстің ойынша, екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді оңай жеңеді деп хабарлады Vesti.kz.

«Егер сіздер реванш кездесуін қарасаңыздар, онда бір боксшы екіншісін оңай жеңеді. Сол себепті де «Канело» екінші кездесуде Головкинді жеңеді. Әрине, бұл жаттығу, дайындалу керек емес деген сөз емес. Барлығы да Головкиннің әлсіз тұстары бар екенін біледі. Соңғы кездесуінде GGG фанаттардың сенімін ақтады ма?», – деп келтіреді Boxingscene.com Хопкинстің сөзін.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде көшеден табылған екі бүлдіршіннің туыстары іздестірілуде (фото)

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, айқас қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633844-burynghy-alem-chempionyekinshi-kezdesu.html