RU

Ақмола облысында саңырауқұлақ теруге кеткен әжейдің мүрдесі табылды

Ақмола облысында жоғалған 71 жастағы зейнеткердің орманнан өлі денесі табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне ІІД.

Бұрын Зеренді ауылында тұрған Тараз қаласының тумасы өзінің бұрынғы таныстарының үйіне қонаққа келеді. Кетер алдында 71 жастағы әйел жас жұппен орманға саңырауқұлақ теруге барған. Орманда олар бір-бірінен адасып қалады.

Зейнеткерді іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция қызметінің, құтқарушылардың барлық күші жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындар да, облыс орталығынан келген еріктілер де көмек көрсетті. Алайда бұл шаралар нәтижесіз болады.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

29 қыркүйек күні, сағат 15.10 кезінде зейнеткердің мүрдесін Зеренді ауданы, Викторовка ауылынан 10 шақырым жердегі орман алқабынан бақташы кездейсоқ көріп қалып, тиісті орынға хабар береді.

Арнайы тану шараларының нәтижесінде бұл 11 қыркүйек күні жоғалған 71 жастағы Валентина Чекинның мүрдесі екені анықталды.

Мүрдеде ешқандай зорлық белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер өлімінің себебі – суыққа шалдығу болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633894-aqmola-oblysynda-sanhyrauqulaq-terug.html