RU

Он жылдан соң Қазақстандағы ерлер мен әйелдер зейнетке 63 жаста шығады

Шымкентте арнайы мамандар «Зейнетақы төлеу тәртібі» тақырыбы бойынша жеке консультациялардан бөлек толық ақпарат алу үшін орыс және қазақ тілдерінде презентация жасады деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл тақырып зейнеткерлікке шыққан адамдармен қатар жастарды да қызықтыратыны анық. Осы орайда, тұрғындар зейнетақы қорында қанша ақша жиналғанын және оны қалай алуға болатыны жөнінде мағлұмат алды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

"2018 жылдан бастап бізде әйелдердің зейнеткерлік жасын өзгерту туралы жаңа заң күшіне енеді, ол 2027 жылға дейін жарты жылға өсіп отырады", - деп түсіндірді БЖЗҚ филиалының директоры Рамазан Мұқанов.

Нәтижесінде, 2027 жылы ерлер мен әйелдер 63 жаста зейнетке шығады.

Ал қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгерген: жыл басында ол 28148 теңге болса, шілдеден бастап бұл сома 31.245 теңгеге дейін өсті.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде көлігімен екі адамды қағып кеткен студент қыз сотта соңғы сөзін айтты

Ал өмір сүрудің іс жүзінде мүмкін еместігін көрсететін ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633927-qazaqstanda-zhyldan-keyin-erler-men.html