RU

Еркенің даусымен "ән айтқан" Серік Ибрагимов елді күлкіге қарық қылды

Жеңіл, ойнақы ырғақты әндерімен танымал болған отандық әнші Серік Ибрагимов жақында Мақпал Исабекованың репертуарындағы әнді "ерекше" орындап, тыңдармандарын таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі парақшасында қызықты видеосымен бөліскен әнші оқырмандарын күлкіге қарық қылған.

"Қалай күшті айтам ба? Егер мен емес деп ойласаңыздар, енді кім?", - деп сауал тастаған Серік.

Әншінің "жұмбағын"шешуге тырысқан тыңдармандары түрлі жауап нұсқаларын айтып, өзара пікір таластырды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірнеше облысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Желі қолданушыларының басым бөлігі видеоның ар жағында ән айтып отырған Ерке Есмахан екенін жарыса жазған.

Бұл туралы Еркенің өзі де парақшасында бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде көлігімен екі адамды қағып кеткен студент қыз сотта соңғы сөзін айтты

"Серік Ибрагимовтің видеосын қарап көрсеңіздер: "дауыс-Ерке Есмаxандікі",-деген жауап өте көп екен! Раxмет, менің дауысымды танығандарыңызға! Бұл менің дауысым! Сикоштай, тембріміз ұқсайды екен, негізі", - дейді "хит" әндердің орындаушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633937-erkeninh-dausymen-aytqan-serik-ibra.html