RU

Қарызға белшесінен батқан азамат алдымен қызын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Ресейде 36 жастағы ер адам 13 жастағы қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады. Мәскеуге жақын орналасқан ауыл тұрғыны бұл əрекетке қарызынан құтылу үшін барған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл кезде оның шешесі іссапарда болған. Әкесі мен қызының мүрдесі табылған жерде көптеген берешектің түбіртегі табылғаны айтылады. Ал қызын өлтіріп, өзіне қол салған адамның аты-жөні Максим Шевченко екен. Ер адам суицид жасау алдында баласының мәйітімен бір күн болғаны айтылады.

Mash мәліметінше, ер адам өзін өлтірген сәтін видеоға түсірген.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірнеше облысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Сондай-ақ, тергеушілер Максим Шевченконың өлім алдында қалдырған аудиоүндеуін тапқан. Ер адам аудионы шешесі мен полицияға арнапты.

Бірінші аудиожазбада ол жалғызбасты әке болғанын және қаржылай қиындықтарға тап болғандықтан осындай қадамға барғанын айтқан.

Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда Максим бар дүние-мүлкін биржада ұттырыпты.

Марқұм 36-ға келсе де, өмірде ештеңеге қол жеткізбегенін айтып, өкінген. Қызын жетім қалдырмау үшін және өзге адамдардың асырауына бермеу үшін оны өлтіруді ұйғарғанын алға тартады. 

Тағы оқыңыздар: Еркенің даусымен "ән айтқан" Серік Ибрагимов көпшілікті таңғалдырды

Екінші аудиожазбада ер адам өз шешесінен кешірім сұраған, ал полицейлерден тергеу жүргізбей, қызымен бірге жерлей салуды сұрапты. Осы дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633952-qaryzgha-belshesinen-batqan-azamat-ald.html