RU

Тілсіз жау: Алматы облысындағы көппәтерлі үйден таң атпай өрт шықты (фото)

Алматы облысы Жансүгіров ауылында жексенбі күні көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Тілсіз жау таңғы сағат сегіз кезінде он алты пәтері бар тұрғын үйде шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минутта жетті.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірнеше облысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимараттың ағаш шатыры өртеніп жатқан, тіпті екінші қабатты да шарпи бастапты.

Отыз екі адам ғимараттан шығарылды. Өрт салдарынан сегіз пәтерге зиян келген.

Тағы оқыңыздар: Еркенің даусымен "ән айтқан" Серік Ибрагимов көпшілікті таңғалдырды

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634002-tilsiz-zhau-almaty-oblysyndaghy-koppat.html