RU

Рудный тұрғыны көше бойында әйелін шашынан сүйреп, аяусыз ұрған (видео)

Қостанай облысы, Рудный қаласында көшеге әйелін шашынан сүйреп шығарып, аяусыз ұрып-соққан ер адамның әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұбайын соққының астына алған Рудный тұрғыны түсірілген бейнеролик әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірнеше облысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Рудный қаласының ІІБ аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Белгілі болғандай, 33 жастағы әйел адам дене жарақаттарын алған.

«Дене жарақатын салу фактісі анықталып, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды» - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбенің атышулы әкімі Ілияс Испановқа министрлік ескерту жасады

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде 33 жастағы жәбірленуші мен 35 жастағы күдіктінің Рудный қаласында тұратыны белгілі болды.

Күдіктінің кінәсі анықталса, осы бапта көрсетілгендей, екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына тартылу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634038-rudnyy-turghyny-koshe-boyynda-ayelin-sha.html