RU

Германияда біржыныстылардың некелесуіне заңмен рұқсат етілді

Германияда бүгін жынысы бір азаматтарға өзара некеге тұруға рұқсат беретін заң күшіне енді деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Канцлер Ангела Меркель аталған мәселені дауысқа салуға келіскеннен кейін бундестаг осы заңды биыл жазда қабылдаған болатын. Меркельдің өзі қарсы дауыс берген.

Тағы оқыңыздар: Билікті күшпен басып алмақ болған қырғыз депутаты ұсталды (фото)

Германияда 2011 жылдан бері жынысы бір адамдардың азаматтық одақ құруына заңды рұқсат берілген болатын. Алайда әлгіндей одақ құрып тұратындардың құқығы некеге отырғандармен салыстырғанда кемдеу болып жатады.

Бүгін Ганноверде 16 жыл бұрын бір-бірін таңдап қосылған екі гей және лесбилер жұбы некеге отырады.

Сонымен бірге бүгін Гамбург пен Берлин қалаларында да жаңа заң бойынша неке қию рәсімі өтпекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634078-germaniyada-birzhynystylardynh-nekeles.html