RU

"Ислам мемлекетінің" көшбасшысы өзінің тірі екенін білдіріп, әлемді дүрліктірді

Өздерін «Ислам Мемлекеті» деп атаған террорлық ұйым көшбасшысы Әбу Бәкра әл-Бағдадидың атынан тағы бір аудио жарияланды деп хабарлайды The Qazaq Times.

Әл-Бағдадиға ұқсас дауыспен сөйлеген адам, Солтүстік Кореяның АҚШ пен Жапонияға қаратқан қорқыту сөздері туралы пікір білдіреді. Сонымен бірге «Ислам мемлекеті» ұйымының негізгі орталығы болған Мосул қаласында болған шайқас туралы ескерту жасаған.

АҚШ билігі әл-Бағдадидың басына 25 млн АҚШ долларын тіккен еді. Оны 2014 жылдың маусым айынан бері ешкім көрмеген. Осының өзі ол туралы түрлі болжамдардың тууына себеп болды. Бірақ, 2017 жылдың маусым айында Ресей Қорғаныс министрілігі таратқан мәліметте, аталған топтың атаманы әл-Бағдади Ракка қаласы маңына 28 мамыр күні жасалған бір реткі әуе шабуылдан өлген болуы мүмкін деген болатын.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда бензин 155 теңгеге дейін қымбаттап кетті (видео)

Дегенмен, оған дейін де «ИМ» атаманының өлтірілгені туралы бірнеше рет мәлімет таратылған еді. Бірақ бәрі де толықтай расталған емес. Ал, әл-Бағдади ең соңғы рет Мосул қаласын «ИМ» ұйымы басып алған уақытта, ән-Нури мешітіндегі намаздан кейін жұрт алдына шығып, топ көшбасшысы ретінде сөз сөйлеген. Оның бұл соңғы мәліметінен бері үш жыл уақыт өтті.

Ал, әл-Бағдади атынан жазып алынған соңғы аудиожазба өткен жылдың қараша айында, Ирак үкімет армиясы Мосул қаласын қайтарып алу шайқасын бастаған тұста таралған еді.

«Ислам мемлекеті» ұйымының Сирия мен Ирактан басып алған негізгі қалалары мен бекіністері осы жылдың маусым айы кезіне қайтарылып алынған еді. 46 минутқа созылған бұл реткі аудиожазба, аталған ұйыммен қатысы бар деп танылған сайттың біріне жарияланған. әл-Бағдади Сирия мен Ирак шекарасы маңындағы «ИМ» ұйымы бақылауында тұрған аймақта жасырынған болуы мүмкін деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634284-islam-memleketininh-koshbasshysy-ozini.html