RU

Атышулы теннисші Рафаэль Надаль Астанада не істеп жүр? (фото)

Қазақстанға әйгілі испаниялық теннисші Рафаэль Надаль келді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараевтың желідегі парақшасынан белгілі болды.

Суреттен Надальдың Астанаға келгенін көруге болады. Әзірге, Надальдың Астанаға не үшін келгені белгісіз. Естеріңізде болса, ЭКСПО аясында Надальдың әйгілі серб теннисшісі Новак Джоковичпен кездесетіні туралы хабарланған еді.

Тағы оқыңыздар: Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан шеттетілді

Рафаэль Надаль осыдан бірнеше жыл бұрын Астанаға келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында өнер көрсеткен болатын.  "Үлкен Дулыға" турнирінің 16 дүркін чемпионы елімізге осымен екінші рет келіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634330-atyshuly-tennisshi-rafael-nadal-asta.html