RU

Қақтығыс кезінде жылап тұрған полицей желіде жұлдыз болуда (фото)

Осы демалыс күндері Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігі үшін референдумда алаңға шыққан халық пен полицейлер қақтығысып, салдарынан жүздеген адам зардап шекті. Осы дүрбелеңде "жылап тұрған полицейдің" суреті әлеуметтік желіде кеңінен танымал болуда деп хабарлайды Twitter-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суреттен каталониялық полицийдің формасын киген азматтың бұндай қырғынға шыдай алмай, жылап тұрғанын байқауға болады. Ал оны өзге жігіттің жұбатып тұрғаны да анық көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Атышулы теннисші Рафаэль Надаль Астанада не істеп жүр? (фото)

"Испан полициясының араласуынан кейін көңілдің қалуы, ашу және көз жасы", - делінген сурет жазбасында.

Фотодағы жазбаға қарап, оқиғаның Льейда провинциясындағы Кап-Понт ауданында болғанын болжауға болады.

Айта кетейік, Барселона мен Каталонияның өзге де қалаларындағы қақтығыстарға жергілікті биліктің осы аймақтың Испаниядан тәуелсіздігі туралы референдум өткізуге талпынысы себеп болған. 

Азаттықтың жазуынша, Тәуелсіздік туралы референдум өткізуді қолдап шыққандар мен полицияның арасында болған қақтығыстар салдарынан кемінде 337 адамның зардап шеккен.

Көптеген айғақ-деректерге қарағанда, қарсылас екі тарап та бір-біріне күш көрсеткен. Полиция қызметкерлері тоқпақ пен резеңке оқтар қолданып, адамдарды сайлау учаскелерінен күштеп шығарған. Оған жауап ретінде кей демонстранттар полицияға тас жаудырған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеге келген Димаш Құдайбергеновті әкесі журналистерге көрсетпей қойды (видео)

Фото: twitter.com, vesti.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634342-zhylap-turghan-policey-zhelide-zhuldyz-bo.html