RU

Ақтөбеге келген Димаш Құдайбергеновті әкесі журналистерге көрсетпей қойды (видео)

Димаш Құдайбергеновтің әкесі Ақтөбеге келген ұлын журналистерден тығып әуре болды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде өткен «Туған жер» форумына арнайы келген Димаш Құдайбергеновке журналистер қолдау көрсетпек болған. Бірақ, Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әуежайда тілшілерден қашып, тығылыспақ ойнады. Түсірілім жасау үшін әуежай қызметкерлерінен рұқсат алған тілшілерге әншіні көрсетпеу үшін бар жағдай жасалыпты.

Ақтөбенің танымал журналисі «Димаштың адамдары» жасаған түсініксіз әрекеттерді айтып берді.

«Димаш келеді деген күні бірнеше журналист әуежайға бардық. Әріптестер әуежай қызметкерлерінен әншінің қай есіктен шығатынына дейін сұрап жатты. Тіпті, басшылығына хабарласып, рұқсат алатын болды. Алайда, әуежай директоры рұқсатты ол емес, Димаштың адамдары беретінін ескертті. Әуежайда екенімізді Қанат Айтбаев біліп отыр. Оған бірнеше рет қоңырау да шалдық. Тұтқасын көтермейді. Әуежайдың арғы бетіндетұрды. Бергі жағында біз жүрміз. Қаралай тығылып, бізден қашқанын түсінбедік», - дейді журналист Асқар Ақтілеуов.

Қанат Айтбаев чартерлік рейстен түскен Димаштың табанын жерге тигізбей, әуежайға кіргізбестен алып қашқан.

«Димаштың Қазақстанда ешқандай сұхбат бере алмайтынын барлығымыз білеміз. Қытайлармен келісімшартқа отырғанынан да барлығы хабардар. Оның сөйлегені бізге

керек емес еді. Журналистерге Димаш сөйлемесе де, әуежайдан өткенін видеоға, фотоға түсіру керек болатын. Қанат баласын траптан көлікке отырғызып алып, әуежайды айналып, кетіп қалды. Аты-жөнін айтқысы келмеген біреу «полиция шақырамыз» деп операторға тиісті. Мойнындағы бейнекамерасын жұлқылады. Камераның бөлшектері жерге шашылып қалды. Журналистік қызметімізде өмірі олай қорланбадық»,- дейді Асқар Ақтілеуов.

Қанат Айтбаев әуежайдың артына тығылып, мән-жайды түсіндірместен қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634359-aqtobege-kelgen-dimash-qudaybergenov.html