RU

Роза Рымбаеваның кенже ұлы өзін сынағандарға жауап берді

Роза Қуанышқызының кенжесі Мәди Рымбаев та өнерге бет бұрды. Әншінің ұлы сахнаға үлкен ағасы сынды әкесінің тегімен емес, елімізге танымал анасының тегімен шықты. Мәди Рымбаев "анасының тегін атын шығару үшін алды" деп өзін сынағандарға Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында жауап берді.

"Біріншіден, Әли Оқапов ол әкеміздің жолын жалғастырмақшы, мен Рымбаев анамның жолын жалғастырамын. Әли әкемізге ұқсайды, менің келбетім мен мінезім бәрі анамдікіндей. Әкеміз тірі болса, Рымбаев деген тегіме қарсы болмас еді деп ойлаймын", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығатыны рас па?

Еске салсақ, енді ғана үлкен сахнаға қадам басып жатқан Роза Қуанышқызының кенжесі ел алдына әнші ағасы Әли сынды әкесінің "Оқапов" деген тегімен емес, жұлдызды анасының "Рымбаев" тегімен шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634394-roza-rymbaevanynh-kenzhe-uly-ozin-synagh.html