RU

Баласына оқулық алу үшін 30 мың теңге жұмсаған ата-ана жанайқайын жеткізді

Балалары дайындық сыныбында оқитын бірнеше ата-ана Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жанайқайын жеткізді. Олар өздерін алаңдатқан жағдайды Замана басылымына айтып берген.

Биыл дайындық сыныбына баратын оқушы «Алматы кітап» баспасынан шығатын 18 түрлі кітап оқиды екен. Аталған кітаптардың барлығын  ата-анасы сатып алуға мәжбүр.

Олардың сөзінше, кітап сатып алуға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. 18 кітаптың базардағы бағасы 30 мың теңге тұрады.

Замана басылымы ата-ана сатып алуға тиіс кітаптарды да тізбектеп шықты:

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев өзін сатып кеткен адамдар туралы айтты

1. Сауат ашу негіздері (әліппе – дәптер) – 1, 2.

2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (әліппе дәптер) – 1, 2.

3. Сөйлеуді дамыту (әліппе дәптер).

4. Қоршаған ортамен таныстыру (әліппе дәптер).

5. Экология негіздері (әліппе дәптер).

6. Өзін-өзі тану (әліппе дәптер).

7. Көркем әдебиет (әліппе дәптер).

8. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері (әліппе дәптер).

9. Құрастыру (әліппе дәптер).

10. Мүсіндеу (әліппе дәптер).

11. Аппликация (әліппе дәптер).

12. Сурет салу (әліппе дәптер).

13. Музыка (Нато хрестоматиясы).

14. Ағылшын (АВС copybook).

15. Русский язык (Азбука – тетрадь) 1, 2.

16. Жаратылыстану (әліппе дәптер).

17. Драма (әліппе дәптер).

18. Валеология негіздері (әліппе дәптер).

- Бұл 30 мың теңге тек кітаптардың ақшасы. Оған оқушының сөмке, қарындаш, дәптер, ермексаз, т.б құрал-жабдықтарын қоссаңыз, 40 мыңға жетеді.

Биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала барды десек, келер жылы шамамен 400 мың бала мектепке барады. Сонда 400.000 х 30.000 = 12.000.000.000 теңге (12 миллиард теңге). Бұл өздері зорға күнелтіп отырған қарапайым халықтың қаржысы.

Ата-ана бала үшін өмір сүреді, баласын қатарынан қалдырғысы келмейді. Сондықтан да кітаптарды алуға мәжбүр болады. Ал кітаптің сапасы нашар, сөгіліп жатыр, мазмұны өте қиын, салмағы бес жасар балаға өте ауыр. Бірақ халықта басқа таңдау жоқ.

Ел қазынасында қаражат жоқ дейін десең, жыл сайын республикалық бюджеттен Білім және ғылым министрлігіне триллиондаған теңге бөлінеді. Бұл қаражат қайда сонда?", - деп басылым Сағадиев мырзаға сауал тастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634412-balasyna-oqulyq-alu-ushin-30-mynh-tenhge-zhu.html