RU
Каталониядағы қақтығыс: Азаттық алғысы келген тұрғындар аяусыз соққыға жығылды (видео, фото)

Каталониядағы қақтығыс: Азаттық алғысы келген тұрғындар аяусыз соққыға жығылды (видео, фото)

Рассказать Вконтакте

Жексенбі күні Каталонияда өткен референдум соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Билік өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қақтығысынан 844 адам зардап шеккен. Бұл туралы NUR.KZ порталы sports.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Каталонияның Испаниядан тәуелсіз аймақ саналуын алға тартатын референдумды Испания билігі заңсыз деп тауып, оған қатысқан тұрғындар қарсылыққа тап болған.

Тағы оқыңыздар: Баласына оқулық алу үшін 30 мың теңге жұмсаған ата-ана жанайқайын айтты

Полицейлер оларға резеңке таяқ пен реңезңке оқ атып, салдарынан 844 адам зардап шекті. Одан бөлек 19 полицей жарақат алған. Сол арада елдегі футболшылар да өз наразылығын білдіруде.

Каталониялық "Барселонаның" қорғаушысы Жерар Пике Испания атынан ойнауын доғаруға әзір екенін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев өзін сатып кеткен адамдар туралы айтты

"Испанияда демократияға сенетін және 1 қазан күнгі оқиғаға қарсы адамдар көп деген сеніммен құрамада өнер көрсетуімді жалғастыра аламын деген ойдамын. Алайда егер басшылық менен қандай да бір мәселе туындайды деп ойласа, мен 2018 жылға дейін құрамадан кете аламын", - деп мәлімдеді Пике.

Айта кетерлігі, референдумдағы дауыс беру кезінде өңірдің Испаниядан бөлініп, тәуелсіздік алуына тұрғындардың 90 пайызы дауыс берген. Дауыс беруге келіп, билік өкілінің қарсылығынан зардап шеккен тұрғындар арасында бірі ауыр жағдайда емханаға түскен. Куәгерлер көшеде қан-жоса болған тұрғындарды көргендерін айтуда.

així ens han tractat al cap guinardó. imatges de jordi folch pic.twitter.com/q35tOc5n1u

— natza farré (@natzafarre) 1 октября 2017 г.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel