RU

Шымкентше құда күту: Қоржынды түйемен әкелгендер елді таңғалдырды (видео)

Қоржынды түйе керуенімен әкеліп айды аспанға бірақ шығарған шымкенттік құдалар елді таңғалдырды. Желіде тап үйдің алдына түйемен келген құдалардың видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тікұшақ пен элиталы көліктерден құралған кортеждер бүгінде ешкімді таңғалдырмайды. Ал Шымкент тұрғындары елдің назарын өзіне аударудың тағы бір амалын тапты.

Тағы оқыңыздар: Каталониядағы қақтығыс: Азаттық алғысы келген тұрғындар аяусыз соққыға жығылды (видео, фото)

Желі қолданушылары шымкенттіктердің бұл креативті идеясына жақсы баға берді. Олар жағымды пікірлерін жаудырып, қазақтың салтын еске салған тұрғындарға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634496-shymkent-turghyny-toybastardy-tuyemen.html