RU

Адам шошырлық күйдегі зомби әйел полицияның зәресін ұшырды

Бразилияда адам шошырлық күйдегі зомби әйел полицияны шошытты. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.day.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Сан-Паулода болған қорқынышты жайттың видеосын қызу талқылауда. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі багажынан түрі сұсты әйелді көріп, қатты қорқып қалған.

Тағы оқыңыздар: Танымал отандық әнші күйеуіне екінші әйел алып берді

Ол бірден полиция шақыртқанмен, тәртіп сақшыларының өзі әйелге жолауға батпай тұрғаны байқалады. Әйел өзін зомби секілді ұстап, түсініксіз қимылдар жасайды. Жергілікті БАҚ оның есірткі қабылдаған болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634523-adam-shoshyrlyq-kuydegi-zombi-ayel-poli.html