RU

Төреғали Төреәлі әйеліне не үшін үйленгенін айтты (видео)

Үйленгеніне үш жыл толған соң, той жасайын деп жатқан әнші Төреғали Төреәлі Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында  қолы бос кезінде үйленіп қойғанын айтты.

"Негізі қолым бос кезде үйленгенмін мен. Келінді сол кезде әкеліп қойғанмын үйге. Қолым жеткеннен кейін, той жасайын деп жатырмын",- деді ол.

Тағы оқыңыздар: Танымал отандық әнші күйеуіне екінші әйел алып берді

Төреғалидан мұндай жауапты күтпеген тыңдармандар оны қатаң сынға алып, үйленудің ойыншық емес екенін жазды.

"Қолым бос кезде үйлендім дегені несі?! Әйелі қандай күйде болды екен...", "Үйлену ойыншық па?! Сонда үйленбеген жігіттер бос жүр ма екен?!",- деді желі қолданушылары.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлінің үйлену тойы 17-ші қазан күні болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634555-toreghali-toreali-ne-ushin-uylengenin.html