RU

Кеудесі ашық әйелді көргісі келмеген діншілдер теледидарды жауып, әлек болды

Ұшақта отырған еврей-хасидтер онда көрсетілген "ұятсыз фильмге" наразы болып, теледидарды орамалмен жауып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода ер азаматтардың бірі орнынан атып тұрып, теледидар экранын орамалмен жауып жатқаны байқалады. Өзге жолаушылар ер адамның әрекетін құптап, оған қол шапалақтауда.Тіпті өзге жолаушылар оның әрекетін қайталап, басқа теледидарды да орамалмен жауып тастаған.

Тағы оқыңыздар: Адам шошырлық күйдегі зомби әйел полицияның зәресін ұшырды (видео)

Хасидтердің дәстүріне сәйкес әйелдер аяқ-қолы мен әуретті жерін барынша жабық ұстауы тиіс. Желі қолданушылары теледидарды орамалмен жапқанша, неге сөндіре салмады деген сауал тастауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634609-keudesi-ashyq-ayeldi-korgisi-kelmegen.html