RU

Тоңазытқыштан өлі күйінде табылған сәбилердің ағасы жұқпалы ауруға шалдыққан

Тоңазытқыштан өлі күйінде табылған сәбилердің ағасы жұқпалы ауруға шалдықты. Дәрігерлер бала бұл дертке күтім көрмегендіктен шалдыққанын айтып отыр.

Бұған дейін №2 балалар ауруханасында ем қабылдаған үш жасар Равиль, осы аптада клиникалық жұқпалы ауруларды емдейтін мекемеге ауыстырылды. Оған "сальмонеллез" жұқпалы ішек ауруы диагнозы қойылыпты. Десе де, ақ халаттылар қазір бүлдіршіннің жағдайы қалыпты дейді.

Олар науқасты келер аптада ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр. Бүлдіршіннің бұл дертке душар болуына, тазалық сақталмағандығы әсер еткен. Демек, бала күтім көрмеген дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев өзін сатып кеткен адамдар туралы айтты

«Бала ішек инфекциясымен мұндай жаста ауырмау керек. Көбінесе, санитарлық гигиеналық талаптардың орындалмауына байланысты ауырады. Тасымалдаушылық клиникалық көріністері болмайды, бірақ адам өзінің нәжісімен, кір қол, сілекей арқылы тасымалдап жан-жағына жұқтырып отырады. Ол енді бір күнде пайда болған нәрсе емес, ол өзі бұрыннан тасымалдаушы болған болу керек», - деді Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі, Айнұр Уәлиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634706-tonhazytqyshtan-oli-kuyinde-tabylghan-s.html