RU

Ақтауда тірідей өртенген ер адам қаладағы қабірлердің арасында тұрып жатыр (фото)

Ақтауда тірідей өртенген ер адамның ауыр жағдайда жатқанына бір айдай болды. Оның әйелі жұрттан көмек сұрап, жанұшырып жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның әйелі Еленаның сөзіне сенсек, зардап шегушіні бұзақылар түнде қасақана өртеп кеткен.

"Менің Олегім ауыр халде. Ашық жарақатпен зират басында жатыр. Емханаға оны ешкім алмайды. Олег зират басында плиткалар қоюмен нәпақасын тауып келді. Мен оған көмектесетінмін. Сол түні біз қатты шаршап, ұрттап алған болатынбыз. Қалың ұйқыға кеткенімде, күйеуімнің айқайынан оянып кеттім. Өртеніп жатқанымызды сол кезде бір-ақ ұқтым. Өрттен күйеуім қатты зардап шекті. Ал мен тек қолымды күйдіріп алдым", - деп есіне алды Елена Зимина.

Әйел өзін өртеген адамды білетінін және оның ермек үшін күйеуін өртемек болғанын айтуда. Облыстық емхана дәрігерлері оған күйіктің төртінші деңгейі деген диагноз қойып, шұғыл ота жасау керектігін айтқан екен. Алайда ер адам дәрігерлерге сенбейтінін айтып, бас тартыпты.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық полицей 23 жастағы жігітті қағып өлтірді

Ерлі-зайыптылар үйсіздердің қатарында емес, олар қызының үйінде тіркеуге алынған. Алайда, қызы ішкілікке салынған ата-анасын үйге кіргізуге қарсы екен.

"Күйеуім емханаға бармағасын күйік орны іріңдеп, құрттай бастады. Мен оны емханаға баруға көндіруге тырыстым", - дейді әйел.

Дәрігерлер ер адамды емханаға жатуға көндіре алмағанын Еленаның өзі жоққа шығармайды. Ақ халаттылар ер адамның жағдайының ауырлығын ескеріп, ем қабылдаудан бас тартып, қолхат жазғанына қарамастан қайта емханаға алып кетті.

Ал ерлі-зайыптыны өртеген қаскөй іздестірілуде. Өрт ерлі-зайыптының темекі тұқылынан тұтанды деген болжам да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634796-aqtauda-tiridey-ortengen-er-adam-qorq.html