RU

Отандық арна эфирінде жігіттермен төбелескен келіншек жұрттың ашуына тиді (видео)

"Еуразия" арнасынан көрсетілетін "Қалаулым" бағдарламасының тікелей эфирінде тағы да төбелес шықты. Бағдарлама қатысушысы Замира Сұлтан ажырасқан қыздардың қалаулысын іздеп келуіне қарсы болған жігіттің жағасынан алып, өзінің шатақ шығаратынын айтты.

"Оразбек аға, сіздің жасыңыз елуде. Сонда мында тұрмыс құрмаған, баласы жоқ адамдар ғана келуі керек па не?! Мында келушілер бақытты болуға лайық емес пе?! Сіздер маған қайтадан тіл тигізіп отырсыздар, мені қыз деп ойламаңыздар", - деді ашулы Замира.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі әйеліне не үшін үйленгенін айтты  (видео)

Айта кетерлігі, аталған бағдарламаны көпшілік қатаң сынға алып жатыр. Көрермендер отандық арна эфирінен мұндай дүниелердің көрсетілуіне қарсы екендерін алға тартып, наразылықтарын білдірді. 

Тағы оқыңыздар: Роза Рымбаеваның кенже ұлы өзін сынағандарға жауап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634852-otandyq-arna-efirinde-zhigittermen.html