RU

Санта-Барбара: 90-жылдары талай жұртты тамсандырған 12 телехикая

Компьютер мен смартфондар айтарлықтай дамымай тұрған кезеңде - 90 жылдары жұрт үшін бірінші орынды теледидар алатын. NUR.KZ порталы 1990-2000 жылдары көпшіліктің басты ермегі болған ең қызықты телехикаялар топтамасын назарларыңызға ұсынады.

Санта-Барбара

2137 сериядан тұратын аты аңызға айналған телехикая Кэпвелдер отбасының шытырман өмірін сиппаттайтын.

Достар

90-жылдарды бұл телехикаясыз елестету мүмкін емес. Телехикая танымал болғаны соншалық, оның соңғы сериясын 52 миллионнан астам көрермен тамашалаған.

Альф

Мелмак ғаламшарынан келген жатпланеталық Альф туралы телехикая тұрғындардың сүйікті отбасылық телехикаясына айналған болатын. Ал Альфтың ерекше дауысы әлі күнге дейін талай адамның есінен кетер емес.

Комиссар Рекс

Рекс атты ақылды иттің қашан да полицейлерге қолғабыс болып жүретінін көрсететін бұл телехикая 90-жылдары талай жасты адал достық пен мейірімділікке баулыған бірден бір туынды еді.

Құпия құжаттар

Фантастика мен детективті шебер үйлестірген "Құпия құжаттар" атты телехикая жұрттың сүйіспеншілігіне бөленгені соншалық, ол туралы екі толықметражды фильм түсірілген. Бүгінгі күнде оның үшінші фильмін жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Зена — жауынгерлер патшайымы

Аңыз желісімен құрылған телехикая Зена есімді арудың батылдығы туралы паш етеді.

Гераклдың таңғаларлық сапарлары

Тағы да аңыз желісімен құрылған телехикая. Дегенмен бұл туынды да талай көрерменді тәнті етіп, жақсы бағаға ие болған.

Баффи – вампирлердің көзін жоюшы

Телехикая оқушы қыз Баффи мен вампирлердің арасындағы күресті көрсетеді.

Горец

Дункан Маклаудтың өлімді білмейтін қара күшпен күресін баяндайтын бұл телехикая 90-жылдары қалың көрерменді жинаған.

Иуданың әйелі

Отбасылық құпиялар мен өлімдерге толы "Иуданың әйелі" телехикаясы көрермендерін соңғы сериясымен аң-таң еткен болатын. Себебі, ондағы жеті басты кейіпкер сюжет желісіне сәйкес аман қалмайды.

Бүлікшіл рух

Дарынды жастардың өмірі туралы аргентиналық телехикаяны есінде сақтамаған адам кемде кем. Телехикая жастарға ұнағаны соншалық, ондағы кейіпкерлерінің суреттері дәптерден бастап түрлі заттардың бетінде жүретін.

Мен оны сүйемін, мама!

1997 жылы түсірілген телехикая алғашқы махаббаттың бар ғажайыбын көрсетеді. Ондағы Альба мен Ренни, Рене мен Фабиана секілді кейіпкерлер талайдың санасында жатталып қалғаны анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634872-santa-barbara-90-zhyldary-talay-zhurtty-t.html