RU

Шақалақты дәлізге жатқызып қойған Шымкенттегі аурухана елді шошытты (фото)

Желіде Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында келіншектің баласымен бірге бір кереуетте жатқан суреті таралып кетті. Науқастар санының көптігінен орын алған бұл жайт желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында науқастар жататын орын тапшылығы орын алған. Салдарынан науқастанып түскен балалар анасымен бірге бір керуетте бүктеліп жатуға мәжбүр.

Әлеуметтік желіде таралып кеткен бұл суретте анасы мен баласының кішкентай ғана кереуетте бүктеліп жатқанын байқауға болады. Әрі ауруханаға түскен науқастар палатада емес, дәлізде жатыр.

Суретті Facebook желісіне жүктеген желі қолданушысы аталған жайтты көріп, жағасын ұстағанын айтады.

Оның айтуынша, дәлізде жатқан емделушілердің басым бөлігі балаларымен бірге керуетте қысылып жатыр.

Сондай-ақ суреттен кішкентай шақалақтардың дәлізге қойылған орындықта жатқанын көруге болады.

Ал аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков балалардың дәлізде жатуын науқастар санының көптігімен байланыстырады.

Басшының сөзінше, демалыс күндері ауруханаға түскен азаматтардың саны көбейген. Салдарынан, дәрігерлер науқастарды дәліздге жатқызуға мәжбүр болыпты. Қазір бұл проблема шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634959-shaqalaqty-dalizge-zhatqyzyp-qoyghan-shy.html