RU

Теміртауда қызын алты жасынан бастап зорлаған азғын әкеге әйелі тосқауыл болмаған

Теміртауда 10 жастағы қызын зорлап келген әке 25 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Today.kz.

Қарағанды облысы арнайы ауданаралық сотының өкілі Шәріп Сейсенбаевтың айтуынша, әке озбырлығын қызына бірнеше жыл бойы жасап келген.

"Ол адам өлтіргені үшін түрмеге отырып шыққан. 2010 жылы шартты түрде бостандыққа шығып, отбасына оралады. Жәбірленуші - туған қызы. Оған зорлықты 2013 жылдан бастап жасаған", - деді Сейсенбаев.

Іс материалы бойынша, қызы әкесінің не істеп жүргенін түсінбеген. Озбыр әке қызын жалаңаштап видеоға да түсіріпті. Кейін ұратын болған.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық полицей 23 жастағы жігітті қағып өлтірді

Бұл туралы біліп қалған анасы полицияға хабар беретінін айтқанда, ер адам оны да ұрып тастаған. Қорыққандықтан үндемеген анасы қызын қорлап жатқанда төзіп жүре береді.

Жеткіншек оқып жатқан мектеп әкімшілігі іске кіріскен соң ғана бұл қорқынышты оқиғаға нүкте қойылды. Қыз бала көріп жүрген қорлығы жайлы мұғаліміне айтып берген.

Сот шешімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 124 және 121 баптары бойынша кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1634997-temirtauda-qyzyn-alty-zhasynan-bastap.html