RU

Қазақстанды жер жаннаты ететін 12 қызықты дерек (видео)

Қазақстанды әлемге танытып, жер жаннатындай жайлы ететін 12 қызықты деректі NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

1. Қазақстан аймағы Еуропа мен Азияда қатар орналасқан.

2. Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр.

3. Қазақстан табиғи қор жағынан әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі (Менделеев кестесіндегі 105 элементтің ішінде 99-ы Қазақстанда кездеседі).

4. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері арасында жетінші орында тұр. Газ қорынан алтыншы орынға және ураннан екінші орынға тұрақтаған.

5. Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты.

6. Қазақстандық "Байқоңыр" ғарыш айлағынан адамның ғарышқа тұңғыш сапары жасалды.

7. Астана - әлемдегі ең жас астана деп саналады.

8. Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстандағы Екібастұз қаласында орналасқан. Оның биiктігi 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік екен.

9. Қазақстанның териториясына бес Франция, немесе үш Түркия, немесе жеті Жапония сыйып кетер еді.

10. Жылқылар алғаш рет қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.

11. Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны.

12. Медеу - әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635101-qazaqstandy-zher-zhannaty-etetin-12-qyzyq.html