RU

Лас-Вегастағы атыс: елуден астам адам қаза тауып, екі жүзге жуығы жараланған (фото)

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қонақүй маңында болған атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетіп, жараланғандар саны 100-ден асып кетті деп хабарлады жергілікті полиция.

Лас-Вегас полициясының ресми өкілі Джо Ломбардоның 2 қазанда өткен баспасөз мәслихатында айтуынша, шабуылға негізгі күдікті Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатынан музыка фестиваліне қатысушыларға автоматтан оқ жаудырған. Күдіктіні көз ұзамай полиция атып тастапты.

Ломбардоның сөзінше, күдікті - жергілікті тұрғын.

Тағы оқыңыздар: Қарызға белшесінен батқан әке алдымен баласын өлтіріп, кейін өзіне қол салды

Лас-Вегас полициясы құрбандар арасында музыка фестиваліне қызметінен тыс уақытта қатысып жатқан бірнеше полиция қызметкері де барын айтады.

АҚШ билігі қылмыскер жалғыз өзі әрекет жасады десе де, Ломбардо полиция шабуыл кезінде қылмыскердің қасында болды деген күдікпен Мари Лу Данли есімді азиялық әйелді іздестіріп жатқанын айтты.

Тағы оқыңыздар: 120 келі зілтемірдің астында қалып қойған спортшы мойнын үзіп ала жаздады (видео)

Полиция қонақүй орналасқан ауданның бір бөлігін жапты.

Халықаралық Мак-Карран әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635277-las-vegastaghy-atys-eluden-astam-adam-q.html