RU

Дубай ханзадасы әлемдегі бірінші өздігінен ұшатын таксиге отырып көрді (видео)

Дубайда әлемдегі бірінші ұшқышсыз ұшатын таксиді сынап көрді. Шараға Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум қатысты деп жазады muftyat.kz.

Drocal неміс компаниясымен құрастырылған ААТ атаулы екі кісілік транспорт адамдарды ұшқыштың қатысуынсыз таситын болады.

Тағы оқыңыздар: Қарызға белшесінен батқан әке алдымен баласын өлтіріп, кейін өзіне қол салды

«Аймақтағы бірінші ұшқышсыз жүретін метрополитеннің жарқын сәттілігінен кейін, бүгін ААТ транспортының сынақтама ұшуының күәгері болдық, — деп айтты шейх Хамдан. — Бұл біздің оң өзгерулерге бейімділігіміздің тағы бір дәлелі»

«Жаңартпаны көтермелеу әрі жаңа технологияны қабылдау елдің дамуына үлесін қосып қана қоймайды, сонымен қатар, келешек көпірін жасауға да септігін тигізеді», — деп сөзін жалғады ол.

Жолдар мен транспорт Басқармасының (RTA) бас директоры әрі атқарушы директорлар Кеңесінің төрағасы Маттар Аль Тайердың айтуынша, AAT транспорты ең жоғары қауіпсіздік стандарттарына ие.

Тағы оқыңыздар: 120 келі зілтемірдің астында қалып қойған спортшы мойнын үзіп ала жаздады (видео)

Ол қосымша апаттық парашютпен, тоғыз дербес аккумулятор жүйесімен, аккумуляторды жылдам зарядтау әрі қосылғыш жүйесімен жабдықталған.

Ұшқышсыз ұшатын таксиге қосымшаның көмегімен тапсырыс беруге болады. Келесі бес жыл бойы RTA Дубайдың азаматтық авиация Басқармасымен қызметтес болып, ААТ транспортын Әмірліктің транспорт жүйесімен біріктіруді қамтамасыз ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635329-dubay-khanzadasy-alemdegi-birinshi-ozd.html