RU

Өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалған жігіттер оқиғаны баяндап берді

Тоғызыншы қабаттан қызды құлатпай, аман алып қалған екі ер адам болған жайтты баяндап берді деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

Сегізінші қабатта тұратын Зураб Гандалоевтың айтуынша, қоқыс төгуге шыққанда, жылаған дауысты естиді. Жоғары қараса тоғызыншы қабаттан қыздың аяғы салбырап тұр екен. Ер адам оның аяғын ұстап, көмекке көршісі Қанат Серкебаевты шақырады.

Біреуі қызды аяғынан ұстап, екіншісі құлаған кезде көтеріп алуы керек болған.

Тағы оқыңыздар: 120 келі зілтемірдің астында қалып қойған спортшы мойнын үзіп ала жаздады (видео)

Зураб Гандалоевтың айтуынша, өзі де қызбен бірге құлап кете жаздапты, көршісі көмекке келмесе, аман қалуы екіталай екен.

Екі жігіт те қызды танымайды. Бойжеткен болған оқиғадан соң қашып кетіпті.

Естеріңзіге сала кетсек, Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғындары тоғызыншы қабаттан құлап өлмек болған қызды құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635364-ozine-qol-salmaq-bolghan-qyzdy-qutqary.html