RU

Желіде полицейлердің жер жебіріне жеткен генералдың видеосы тарап кетті (видео)

Ішкі істер министрлігі интернетті шулатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Онда полиция генерал-майоры Асқар Оспановтың Астанадағы бөлімдердің біріне ескертусіз кіріп барып, сақшылардың жер жебіріне жетіп жатқаны анық көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Сөйтсе, бұл министрлікке қарасты Арнайы дайындық департаменті басшысының аяқ-асты жүргізген тексеруі екен. Мұнда Оспанов емтихан алғандай полицейлердің міндетінен бастап, алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетініне дейін сұрап жатыр.

Өкініштісі, генералдың сауалына полицейлердің бірде-бірі жауап бере алмай ұятқа қалған. Тіпті, қолындағы тапаншасының колибрінен де бейхабар болып шыққандары да бар.

Тағы оқыңыздар: АИ-92 бензинінің бағасы 157 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Тексере келе, бұның былтыр түсірілген видео екені анықталды. Бұны интернетке кімнің салғаны да тексеріліп жатыр. Ал, міндетін толық білмегені үшін сауатсыз сақшылар жазасын алыпты.

"Осылайша, ол қызметкерлердің штаттан тыс жағдайдағы әрекетін тексерген болатын. Барлық процесс камераға түсірілген. Бейнематериалдар әдістемелік құрал ретінде жазылған болатын", - дейді ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635518-zhelide-policeylerdinh-zher-zhebirine-zhe.html