RU

Еліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай, көше кезіп жүр

Еліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай көше кезіп жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір, Жезқазған мен Сәтбаевтағы және Жаңаарқа ауданындағы жанармай бекеттерінде мынадай ұзын-сонар кезек. Тұрғындар бензинді сағаттап күтіп діңкелегендерін айтады. Оның өзінде бір көлікке ары кетсе 15-20 литр ғана талонмен беріледі деп отыр.

"Масқара таңертеңнен кешке дейін кезекте тұрмыз. Бір жеті болды, шаршадық", - дейді тұрғын.

"Күнде келеміз, бензин жоқ, талонмен дейді. Лимит дейді. Үш-ақ мыңға құйып жатыр. Түске дейін келіп алмасаң, кешкі уақытта таусылып қалады", - деп күйінді тағы бір тұрғын.

Тағы оұыңыздар: Қазақстанда ерекектердің 30 пайызы ұрпақ таратуға мүлде жарамсыз

Қарағанды облысының билігі тапшылықты жоюдың өзіндік жолын тапқан екен. Айтуларынша, Жезқазғанға Ресейден 500 тонна жанармай келе жатыр.

"Қазмұнайгазға" 350 тонна жанармай тиеген пойыз Ақтөбе облысына жетті. Қазір жүк пойызының кедергісіз жетуі бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жеке компанияның 150 тонна жанармайы да сол жақтан келе жатыр. Бүгін кешке дейін олар жетуі тиіс", - дейді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Ал, мұндай тапшылық болмаса да, Ресейден таяқ тастам жерде тұрған Оралда бензин шамамен төрт теңгеге қымбаттаған. Қазір мұнда АИ 92 153 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Қарағанды облысына жанармай жетем дегенше, Жезқазған мен Сәтбаевта қасықтап сатылатын бензин бағасы аспандап барады. Қазір АИ 92 маркасы 158 теңгеге дейінгі бағаға жеткен. Ал дизель отыны мүлдем жоқ.

Қарағанды облысы басшылығы өңірге Ресейден бағыт алған отынды жылдам жеткізудің қамын жасамақ. Зауыттар іске қосылғанда жағдай реттеледі деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635555-elimizdinh-birneshe-oblysynda-zhurgizu.html