RU

Көкшетауда досын өлтіріп, бөлшектелген мәйітін өзенге ағызып жіберген қылмыскер жазаланды

Көкшетауда адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеп өзенге ағызып жіберген қандықол қылмыскер жазасын алды. Александр Безруков 20 жылын абақтыда өткізбек деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл қанды оқиға өткен жазда болған. Қылмыскер Николай Кулаковскиймен түнгі клубта бірге қыдырып, қомақты ақшасы бар екенін білгендіктен үйіне бірге барыпты. Кіре салысымен 26 жастағы танысын басынан ұрып құлатып, пышақтап тастаған.

Тағы оқыңыздар: Террористер мен футбол фанаттарының мінезі ұқсас болып шықты

500 мың теңгесін қалтасына салып алғаннан кейін мүрдені жасырмақ болады. Сөйтіп, өлі денені бөлшектеп, үйіне жақын жердегі өзенге апарып лақтырған. Тіпті мәйіттің бөліктері су бетіне қалқып шықпас үшін тас байлаған.

Аяқ астынан жоғалып кеткен азаматты ел болып іздеп, Қылшақты өзенінен тапты. Ал қылмыскер Украина асып кетуге әрекеттеніпті. Сөйтіп, жақында осы елдің Ресеймен шекарасында ұсталған. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635620-kokshetauda-dosyn-oltirip-bolshektelg.html