RU

Ақтөбеде 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген студент қыз түрмеден құтылып кетті

Ақтөбеде президент саябағы маңында болған жантүршігерлік жол апатына себепкер болған 19 жастағы Сезім Самұрат екі жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот шешімі шығарылмас бұрын айыпталушы бойжеткен кезекті рет өзі қағып өлтірген қыздың туыстарынан кешірім сұраумен болды деп жазады Диапазон».

Тағы оқыңыздар: Террористер мен футбол фанаттарының мінезі ұқсас болып шықты

"Мен мұны әдейі істеген жоқпын", - деп қосып қойды ол.

Сотта жауап берген қылмыскер жол қозғалысы барысында өзінің көлігі басқа көлікпен соғысып қалады деп ойлап, рөлді бұрып жібергенін айтты. Одан кейін не болғаны есінде жоқ екен.

Сюзаннаның отбасы жас жүргізушіге кешірім берген. Айыпталушы қыз марқұмның жанұясына материалды және моральдық шығын өтеп беріпті. 

Сондай-ақ, Сезім Самұрат соттан өзін бостандықта қалдыруда сұраған. Оның өтініші қанағаттандырылды.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда досын өлтіріп, бөлшектелген мәйітін өзенге ағызып жіберген қылмыскер жазаланды

Естеріңізге сала кетсек, 7 шілде күні Ақтөбеде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы бойжеткен қайтыс болып, оның жанындағы жас жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. 

Прокурордың айтуынша, жол апаты болған тұста сағатына 60 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілгеніне қарамастан, Сезім Самұрат көлігін сағатына 91 шақырым жылдамдықпен жүргізіп келе жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635648-aqtobede-19-zhastaghy-boyzhetkendi-qaghyp-o.html