RU

Астанада мансап қуған бойжеткендер өзі үшін бала туып алуды сәнге айналдырған

Астаналық бикештер өзі үшін дүниеге сəби əкеліп, оны бағып-қағуға əуес көрінеді. Онымен қоймай, елордалық бойжеткендер "əлгіндей" қылығын ерсі көрмей, керісінше мақтан тұтады дейді шымкенттік такси жүргізушісі. NUR.KZ порталының тілшісіне берген сұхбатында ағынан жарылған шымқалалық тұрғын елордалық қыздар туралы барлық шындықты жайып салып, оларды еліміздегі "ең жеңіл мінезді" бойжеткендер санатына жатқызды.

Елордаға қоныс аударғалы бері такси жүргізушісі болып нəпақасын тауып жүрген Нұрбек (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді азамат күн сайын көлігіне түрлі арулардың отыратынын жəне олардың дені тұрмыс құрмағанын айтты.

Тағы оқыңыздарЕліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай көше кезіп жүр

"Астанаға келгеніме де біраз уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында талай адаммен танысып үлгердім. Айтпағым ол жайында емес, астаналық арулар туралы болып тұр. Өздеріңіз білесіздер, біздің жақта (Шымкентте - авт.) қызға, келінге қатты қарайды. Тұрмысқа да ерте беріп жатады.

Бұл жақта байқасам, керісінше, қыздарын оқысын, тоқысын, одан қалса қызмет етіп, мансап қусын дейді екен. Өкініштісі, əлгіндей қыздар жұмыс, қызмет, мансап деп жүріп отырып қалатын көрінеді", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай нəзік жандылардың көбісі отбасын құрмастан нəрестелі болып, бай-бағландардың тоқалына айналады деп күйінді.

"Бұл жақтағылардың көбі мемлекеттік қызметте, содан да болар жеке өмірге уақыт таппай, отырып қалып жататындары. Бірақ, ол кез келген біреуден бала тауып, жалғызбасты ана болу керек деген сөз емес қой. Тағы бір айтарым, ондай бойжеткендердің көбі өз өмірлерін бұзып қана қоймай, өзгенің де шаңырағын шайқалтады.

Тағы оқыңыздар: Террористер мен футбол фанаттарының мінезі ұқсас болып шықты

Білімді, текті азаматтардан бала тауып, сол баланы өсіріп-жеткіземін деп жанын беріп жатады. Бізде қазақта бұрындары некесіз туған баланы күнə деп санайтын еді. Қазір қайдам, қыздарымыз оған арланбайды да, намыстанбайды да. Əсіресе, осы Астананың қыздары.

Бұл жағынан біздің оңтүстіктен үлгі алу керек шығар. Шымкенттің қыздары қазақы тəрбие алғандықтан, ондай ерсі əрекетке бармайды", - деп сөзін түйіндеді тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635667-shymkenttik-taksist-astanalyq-qyzdar.html