RU

Қазақстан жалақыны көп төлейтін елдер тізімінде 86-шы орында қалып қойды

Әлем елдеріндегі жалақы мөлшерін анықтаған құзырлы органдар қай елде ең жоғары жалақы төленетінін жария етті. Қазақстан бұл тізімде көш ортасына жайғасқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы investorschool.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімді Халықаралық Еңбек ұйымы, Еуростат пен Ұлттық статистикалар және экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы құрған.

Олардың мәліметіне сәйкес, 2017 жылы жалақысы ең жоғары ел болып Швейцария  танылған (бір қызметкерге  3855 доллар жалақы). Алғашқы үштікке Норвегия (3781 доллар) мен Люксембург (3565 доллар) елдері еніпті.

Тағы оқыңыздар: "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы ВИЧ инфекциясын жұқтырған

Ал жалақысы ең төмен ел Зимбабве болып шықты. Онда бір жұмысшы айына 21 доллар ғана жалақы алады.

Ресей айына 615 доллар жалақымен 157 елдің ішінде 69 орынға жайғасса, Қазақстан айына 480 доллар жалақымен 86 орыннан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635700-qay-elde-enh-zhoghary-zhalaqy-tolenetini.html