RU

Кептердің саңғырығын иіскеген кейуана тіл тартпай кетті

Италияда кептердің саңғырығын иіскеген кейуана тіл тартпай кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

62 жастағы зейнеткер өз үйінің қоймасында қаптап жүрген кептерлерден зардап шеккен. Белгілі болғандай кептердің саңғырығында таллий атты улы зат болыпты. Бұл улы затпен ұзақ уақыт тыныстап келген кейуана ақыры өмірімен қош айтысты.

Тағы оқыңыздар: Айдана Меденова күйеуінің бірінші отбасымен ара-қатынасы туралы ашық айтты

Қаза болған зейнеткердің әпкесі мен өзге туыстары да құстың саңғырығын иіскеп қойған екен. Олар емханада тексеріліп, біріне ұзақ ем қабылдау қажеттігі анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635704-kepterdinh-sanhghyryghyn-iiskegen-keyua.html