RU

Ақтөбеде жездесіне араша болған жігітті ішіп алған кафе күзетшісі атып тастаған (фото)

Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған аса ауыр қылмыстық оқиғаға қатысты сот процесі жүріп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Балам өлді. Оқиғаның болғанына тоғыз ай болды. Түрлі сылтаумен созбалақтатып жатыр. Соттың бітетін түрі жоқ.

Күйеу балаларым жолдас жігіттерімен кафеге барған. Түнгі сағат 2:00 болған кезде олардан кафені босатуды сұрайды. Бұлар машина келгенше күте тұрыңыз деген. Олар қайтып келіп ескерту жасағанда керісіп, күзетші қалтасындағы тапаншаны шығарып атады. Төбелес далада жалғасқан.

Тағы оқыңыздарКөкшетауда досын өлтіріп, бөлшектелген мәйітін өзенге ағызып жіберген қылмыскер жазаланды

Сол кезде ағамның баласы мен менің балам машинамен жетеді. Арашалап, жезделерін машинаға тиеп алып кеткен. Кафенің күзетшілері артарынан машинамен қуып келіп атады. Сол машинада менің балам мерт болды», - дейді марқұмның әкесі Әжібаев.

Ақтауда күзетте жасайтын 25 жастағы жігіт жездесін кафеден алып кетуге келіп, атыс кезінде көз жұмған.

«Кафенің күзетшісі ішімдік ішкен. Оны қасындағы диджей бірге ішкендерін растап отыр. Олардың қолдарындағы заңсыз қару. Істі созбалақтатып жібергендері түсініксіз болып кетті», - дейді әкесі.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында іске қатысты сот тыңдалымы басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635740-aqtobede-zhezdesine-arasha-bolghan-zhigi.html