RU

Әзірбайжандық әйелдер күйеуін төсекте қанағаттандырмағаны үшін таяқ жеуге дайын

Әзірбайжандық нәзік жандылар өзіне қашан қол көтеруге рұқсат ететіндерін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде елде нәзік жандылардың 28%-ы күйеуінің қол көтергеніне еш қарсы еместігі анықталды.

Тағы оқыңыздар: Мыңдаған жеткіншекті зорлаған педофилдің әйелі болған жайтқа құрбандарын кінәлады

"Төрт аудандағы жасы 18-ден асқан 400 әйелден сауланама жүргізілді. Олар күйеуінің қол көтеруіне рұқсат етілетін жағдайларды атап берді. Мәселен, олардың көзқарасы бойынша, әйел тамақты күйдіріп алса, күйеуімен жанжалдасса, күйеуінің рұқсатынсыз үйден шықса және төсек қатынасынан бас тартса, ер адам әйелін сабай алады екен. Ал әйелдердің 28 пайызы мұны құптайтын болып шықты", - дейді Денсаулық сақтау өкілі Раиса Ахмедова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635743-azirbayzhandyq-ayelder-kuyeuin-tosek.html