RU

Димаш Құдайберген мен Ерке Есмаханның биі көпшілікті сүйсінтті (видео)

Орал қаласында жас продюсер Алпамыс Шәрімовтің ұйымдастыруымен өткен "Әр күнге махаббатпен" қайырымдылық балында би билеген Ерке Есмахан мен Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінтті. Әншілердің көңілді биін көргендер Ақтөбенің қос жұлдызын бірге көргендеріне қуанып қалды деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Әдемі дебьютанттармен баллда билеген сәттен керемет көрініс! Тек ән айтып қоймай, бізде ортаны жандырып биледік", - деп жазған Ерке Есмахан парақшасында.

"Керемет, екеуі сондай көңілді!", "Димаш Еркені көріп балаша қуанып кетті ғой", "Еліміздің қос еркесі", "Екеуіңіз жарасымды билепсіздер, тамаша!",- деп жазған тыңдармандар.

Тағы оқыңыздар: Айсәуле Бақытбек өзін жүкті деп атаған желі қолданушыларына жауап берді

Еске салсақ, кеше Орал қаласында қайырымдылық кеш өтті. Шараға елімізге танымал өнер жұлдыздары мен тележүргізушілер қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635809-dimash-qudaybergen-men-erke-esmakhanny.html