RU

Кетерде анасын құшақтады: Полицей өлтірген қостанайлық жігіт үйінде жалғыз ұл болған

Полицей қағып өлтірген Мақсат Оспановтың отбасы оның соңғы кұні туралы айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Алауға» сілтеме жасап хабарлайды.

Мақсат ата-анасының жалғыз ұлы болатын. Жігіттің әпкесі Толқынның айтуынша, Мақсат сол түні жақын досының 25-ке толуын тойлатып, клубқа барған.

Тағы оқыңыздар: Қонақ үй ақысын төлеуден қашқан азамат амалсыздан электр сымына өрмелеп кеткен

Кетер алдында ол өте көңілді болған екен.

"Бұрын олай етпесе де сол күні анасына барып, құшақтап сүйіп алды. Құдды бір мезгілсіз қаза болатынын сезгендей", - дейді әпкесі.

Қаза болған жігіт келесі жылы үйленуді жоспарлап, тіпті бұл туралы жақындарына хабарлап қойған екен. Бүгінде Мақсаттың жақындары оның қазасына кінәлі азаматты жазаламақ ниетті.

Еске салсақ, Қостанайда 23 жастағы жігітті полицей қағып өлтірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635883-keterde-anasyn-qushaqtady-policey-qagh.html