RU

Қытайлықтар әлемге әйгілі кеспесін енді Астанада шығаратын болды

Қытайлықтар Қазақстанда кеспе зауытын ашу үшін миллиондаған доллар қаражат жұмсамақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы blackseagrain.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада бой көтеретін зауыт қытайлықтардың әлемге танымал кеспесін өндіретін болады. Жоба құны шамамен 47 млн доллар. Зауыт күніне 700 тонна кеспе өндіреді деп күтілуде.

Аталмыш зауыт алдағы екі жылда салынады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Тағы оқыңыздар: Қонақ үй ақысын төлеуден қашқан азамат амалсыздан электр сымына өрмелеп кеткен

"Кәсіпорын әуелі Астананың маңында тұрғызылады. Себебі инфрақұрылымы жақсы дамыған, тауарды экспорттауға ыңғайлы орын. Келешекте ондай зауыттар астық өндіретін Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында да пайда болады. Ол өнімдер негізінен сыртқы нарыққа арналған", - дейді Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635899-qytaylyqtar-atyshuly-kespesin-endi.html