RU

Инфляцияны тежей алмаған әкім орынбасары Сағынтаевтан сөз естіп қалды

Үкімет отырысында инфляцияны тежеу жұмыстарына көңілі толмайтынын ашық айтқан Бақытжан Сағынтаев Атырау облысы әкімінің орынбасарын сұрақтың астына алды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Премьер-министрдің алдында баяндама оқыған Атырау облысы әкімінің орынбасарынан үкімет басшысы «Баяндамаңыз жақсы. Бірақ, инфляциялық ең жоғары 6 пайыздық көрсеткіш Атырау облысында. Себебін неге айтпадыңыз? Республика бойынша ең жоғары көрсеткіштің себебі неде?», - деп сұрады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен біргеміз

Өз кезегінде Әлібек Наутиев Атырау облысындағы инфляциялық көрсеткіштің жоғары болуы доллар құнының артуына байланысты деп ақталуға тырысты.

«Доллар бүкіл Қазақстан бойынша бірдей ғой. Жақсы жұмыс жоқ деген сөз», - деп түйіндеді сөзін Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, отырыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жылдың басынан бері өңірлердің көбінде инфляция салыстырмалы төмен деңгейде тіркелгенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1635902-inflyaciyany-tezhey-almaghan-akim-orynba.html