Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аспаннан адам жауды: Адамзат тарихында аспаннан жауған жантүршігерлік дүниелер

Опубликовано:

Жауын-шашынды ауа райы ешкімді таң қалдыра қоймайтынын анық. Алайда аспаннан күтпеген заттар жауа бастаса, ақыр заман деп шошитындар баршылық. NUR.KZ порталы адамзат тарихында аспаннан жауған ең жантүршігерлік дүниелерді funny24.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Өрмекшілер

Аспаннан өрмекші жауса, бұл әдеттегі табиғи құбылыс. Соңғы бес жылда кемінде екі елде мұндай жағдай тіркелген болатын. Бразилияда (2013 жылдың ақпаны) және Австралияда (2015 жылдың мамыры).

Бақалар

Бақалар әдетте дауыл жиі тұратын елдерде жауады. Себебі дауыл батпақты өңірдегі барлық бақаны аспанға көтеріп, кейін адамдардың үстіне жаудырады.

Құрттар

Тағы оқыңыздар: Дін істері министрлігі салафизм ағымына қашан тыйым салынатынын айтты

Шотландияда 2011 жылы футбол ойнап жүрген студенттердің үстіне құрт жауған. Ғалымдар бұл құбылысты оғаш деп атап, нақты түсініктеме бере алмады.

Қанды жауын

2008 жылы Колумбияның кішігірім қаласында аспаннан қанды жауын себеледі. Қып-қызыл белгісіз сұйықтықтың нендей себеппен жауғаны әлі күнге дейін құпия болып қалуда.

Ет

1876 жылы Кентукки штатының Олимпия Спрингс қаласында адамдардың үстіне қой мен еліктің еті жауа бастады. Кейін бұған аспаннан ұшып өткен жыртқыш құстар себепші болғаны анықталды.

Теннис добы

1969 жылы Флоридада аспаннан теннис добы жауды. Оны теннис алаңынан дауыл көтеріп, адамдардың үстіне жаудырған екен.

Адам

Сан-Диегода аспаннан адам мәйіті жауғанда, тұрғындардың зәре құты ұшқан. Белгілі болғандай 1978 жылы болған бұл жайтқа ұшақ апаты себеп екен. Екі ұшақ соқтығысқаннан кейін салондағы жолаушылар жердегі тұрғындардың үстіне шашылған. Ұшақ апатынан барлығы 144 адам мерт болды.

Сиырлар

1997 жылы Жапон теңізінде кемесі апатқа ұшыраған балықшыларды құтқаруға тура келді. Олардың кемесі аспаннан сиыр жауғанның кесірінен суға кеткен екен. Бұл жайтқа Ресей ұшқышының белгісіз себептермен ұшақ бортынан жерге сиырды лақтырып жіберуі себеп болғаны анықталды.

Ақша

1957 жылы Францияның Бурж ауылында тұрғындардың үстіне ақша жауды. Бұл жайт 1975 жылы Чикагода да қайталанған. Оның себебі сол күйі анықталмады.

Адамдардың қатқан нәжісі

2008 жылы Мэриэн Ликнес қаласында тұрғынның үстіне қатқан адам нәжістері жауып, оның үйінің шатырынан бастап, терезесіне дейін шағып тастаған.

Тағы оқыңыздар: Сиви Махмуди әріптестеріне деген өкпесін айтты

Белгілі болғандай, нәжіс әйелдің үйінің үстінен ұшып өткен ұшақтан шашылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1635977-aspannan-adam-zhaudy-adamzat-tarikhynd/

pixel