RU

Головкин жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін Мексикаға бармақшы

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазан айының екінші жартысында жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін Мексикаға ат басын бұрады деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ESPN Deportes басылымына Головкиннің промоутері Том Леффлер Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конгрессінде айтты.

Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі басшыларының айтуынша, Головкин Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстонда табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектеседі.

Тағы оқыңыздар: "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы ВИЧ инфекциясын жұқтырған

Еске салайық, бұған дейін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста отандасымыздың қарсыласы болған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына бір миллион доллар көлемінде ақша аударып, көмектескен болатын.

Мексикадағы 7,1 баллдық жер сілкінісі 19 қыркүйек күні болған еді. Соңғы деректер бойынша, бұл апаттан 360 адам қаза тапқан. Тағы төрт миллионға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Елдің астанасы Мехико қаласының тұрғындарының көп бөлігі үй-жайсыз қалған.

Головкиннің өзі болса жуырда ғана Германияның Гифхорн қаласында жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Эдуард Гуткнехттің ұйымдастырған қайырымдылық кешіне барып, қайырымдылық қорына 25 мың доллар беріп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636002-golovkin-zher-silkinisinen-zardap-shek.html