RU

Ләйлә Сұлтанқызы өзін ашық көйлек киді деп сынағандарға жауап берді

«L'Officiel Awards» шарасындағы образы жұртқа жақпай қалған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында өзін сынағандарға жауап берді.

"Нашар пікір жазатындар, кейде күнде менімен шәй ішіп, менің бар мінез-құлқымды білетін сияқты жазады. Мен өзім таңқалып жатам, содан кейін күлем де қоям", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал миллионер өзін "Есімовтің жиені" деп жүргендерге жауап берді (фото)

Әдемі киінуде, тележүргізуші күйеуіне ілесе алмай жататынын да жасырмады.

"Менің күйеуім өте сәнқой, шыны керек, біздің үйде гардероб 30 квадрат болса, соның 20 квадратында менің күйеуімнің киімдері тұрады. Күйеуімнің сондай әдемі дүниеге қызығушылығына қарап, қайта мен соның шаңына зорға ілесіп жүрем. Соның өзі құдайға шүкір деймін, ойбай сенен әдемі, сенен артық киінетін жігіт жоқ деп", - деді тележүргізуші.

Күйеуімен қарым-қатынаста дәл осылай ақылдылық танытатын Сұлтанқызы кезекті кітабында әйелдер қауымынан өз кеңесін аямақ емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636005-layla-sultanqyzy-ozin-ashyq-koylek-kid.html