RU

Сиви Махмуди әріптестеріне деген өкпесін айтты

Әнші Сиви Махмуди әріптестеріне өкпелі екенін жеткізді. Біраздан бері продюсерлікпен айналысып жүрген әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында  өз жұмысын бағалайтын адамдардың аз екенін айтты.

Әнші бұған дейін өзі продюсерлік еткен қыздардан құралған «Аяла» және жігіттерден тұратын «Саламат» тобына ренжулі.

"Ондай жұмысты, еңбекті бәрі атқара бермейді. Маған көбісі айтады "сен продюсерсің, не істеп жүрсің" деген сияқты. Неше түрлі әңгіме болады ғой. Бірақ жалпы істелінген жұмыс өте көп. Оны бағалайтын да, бағаламайтын да адам бар. Кейбір кезде ренжиміз, бірақ сонда да мен өзім үшін олжалап бастағаннан кейін аяғына жеткізуге тырысып жүрмін. Бүгінге дейін солар үшін өмір сүріп өзімді ұмытып кеттіппін. Оны бағалап жатқан адамдар жоқ. Бірінші рет өкпемді айтайыншы толып қалған сол",-деді ол.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы өзін ашық көйлек киді деп сынағандарға жауап берді

Алғаш рет іштегі өкпені айтып, шерін тарқатқан әнші енді тек өзіне ғана уақыт бөліп жүр. Сол себепті кейінгі кезде имиджін де жиі ауыстыруда.

"Иә, мен сондаймын енді. Күйеуімнің өзі таңғалады.  "Күнде оянып кетемін де,  қорқамын" дейді қасымда кім жатыр деп.  Өзім өзгеріп тұрғанды жақсы көрем. Бір түспен, бір шаш үлгісімен, бір кейіпте көп болса 1-2 ай жүре аламын. Сосын өзімнен өзім шаршап кетемін.  Әр кезде әдемі болып жүргенді қалаймын. Шашымды аяймын, обал түсінемін, емдеуге тырысам арасында. Жақында ғана қызыл боп жүргем негізі. Неше түрлі түсті көрдім. Білмеймін жарасатын сияқты өзіме әрбір түс. Жарасқаннан кейін, жас болғаннан кейін, әлі балаларымыз өспей, ұрыспай тұрып жасап алайық та эксперименттердің бәрін.

Тағы оқыңыздар: Димаш Құдайберген мен Ерке Есмаханның биі көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бірде киноның, бірде продюсерліктің тізгінін ұстаған әнші Сиви Махмуди енді өз мамандығымен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Оның негізгі мамандығы журналист көрінеді.

"Негізгі мамандығым журналист. Бүгінгі таңға дейін бұл мамандықпен жұмыс жасаған жоқпын. Оған қолым тиген жоқ. Сол өзімнің мамандығымды жалғастыру менде жоспарда қазір шыны керек»,-деді іштегі өкпесін айтқан мұнай магнатының қызы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636027-sivi-makhmudi-ariptesterine-degen-okp.html