RU

Дастан Оразбековтің әйелі күйеуі мен Жанар Дұғалованың қарым -қатынасына пікір білдірді

Бірнеше уақыт бұрын желі қолданушылары "Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалованың жарасымды жұп екендерін айтып, тіпті оларға бақыт тілеген болатын. Қазнетті дүрліктірген әншілердің суреті мен олар жайлы қауесетке қатысты Дастанның жары НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында пікір білдірді.

"Жанарды жақсы танимын. Ондай қауесетке аса қатты мән бермеймін, бергім де келмейді", - дейді Жанар.

Тағы оқыңыздар: Сиви Махмуди әріптестеріне деген өкпесін айтты

Дастан болса 13 жылдан кейін, аяғы ауыр болған жарының денсаулығы мен көңіл -күйіне қатты алаңдағанын жеткізіп, қайын жұртынан ұялғанын айтты.

"Бәрін айт та, бірін айт- қайын жұрттан ұят болды, қайын бикелерімнен ұят болды", - деді ол.

Оразбековтер отбасында түсініспеушілік туғызған мәселе оң шешімін тапты. Дастан мен жары екі айдан кейін дүниеге келетін сәбиді асыға тосып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636192-dastan-orazbekovtinh-ayeli-kuyeui-men.html