RU

Головкин: Менің жекпе-жегімді елбасының көргенін естігенде қатты толқыдым

Геннадий Головкин Альвареспен өткен жекпе-жегін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тамашалағанын мақтан тұтатынын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал боксшы Майқұдықта болып, өз құрметіне ашылған спорт кешенін көріп қайтты. Ол өңір басшысы Ерлан Қошановпен кездесіп, өз жекпе-жегінен алған әсерлерімен бөліскен.

"Бірінші кезекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жылуын сыйлағаны үшін рақмет айтқым келеді. Бұл жекпе-жекті талай адам тамашалады деп ойлаймын. Президент менің жекпе-жегімді тікелей эфирден тамашалап жатқанын білгенімде, қатты толқыдым. Адами тұрғыдан бұл жаныңды жадыратады, бұл мақтаныш. Біздің президент спорт жанкүйері екенін білген көптеген қазақстандық бұны мақтан тұтады деген пікірдемін", - дейді Головкин.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың ата-анасы әжетхана жуып, көшеде киім сатқан күндерін еске алды

Сонымен қатар спортшы Альвареспен жекпе-жегі кезінде бұл қолдау ол үшін ерекше маңызды болғанын алға тартты. Ерлан Қошанов болса, боксшыға Майқұдықтың балаларына ойын алаңын сыйға тартқаны үшін алғыс білдірді.

"Бүкіл ел президентпен бірге саған жанкүйер болды. Біздің Қазақстанды, Қарағандыны танымал етіп жатқаныңа рақмет", - деді Ерлан Қошанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636218-golovkin-meninh-zhekpe-zhegimdi-elbasyn.html