Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да сымбатты шенеунік ләңгі теуіп, жұртты өзіне қаратты (видео)

Опубликовано:

ОҚО-да сымбатты шенеунік ләңгі теуіп, жұртты өзіне қаратты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Спорттық шаралардың біріне қонақ ретінде қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев ләңгі тебуден шебер екенін көрсетті.

Тарқатып айтқанда, Шымкентте асық ату мен ләңгі тебуден облыс біріншілігі басталды. Додаға қатысушыларға сәттілік тілеп келген сымбатты шенеунік Нұртаев өзі де қызығып кеткен болу керек, ортаға шығып алаңсыз ләңгі тебе бастады.

Тағы оқыңыздар: Головкин: Менің жекпе-жегімді елбасының көргенін естігенде қатты толқыдым

Бір қызығы, жарыс қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданының тұрғыны 42 ұпаймен жеңіске жетсе, шенеунік 45 ұпайға қол жеткізіп, чемпионнан асып түсті. Әрине, ол қатысушы болмағандықтан жүлдеден құр алақан қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1636261-oqo-da-symbatty-sheneunik-lanhgi-teuip-zh/

pixel